Қабылбек Әліпбайұлы: Көп жағдайда «дін» мен «діни ағымды» ажырата алмаймыз

Бүгін республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, белгілі дінтанушы Қабылбек Жұмабеков Орал қаласының жастарымен жүздесіп, жастарды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу жайында уағыз-насихат жүргізді.

Шара Орал қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. «Сенім – мұсылманның шырағы» және «Дін ұстай алсаң – қасиетің, ұстана алмасаң – қасіретің» атауларымен өткен кездесуге жиналғандардың көпшілігі жастар болды.

Кездесуде ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы дін қағидаттарын, шариғат бөлімдерін, сенім, ахлақ хақындағы жиі кездесетін сұрақтарға жауап берді.

­­­ Дін дегеніміз – Алла Тағаланың шариғаты. Шариғат ­деген ­– Алланың заңы. Дін – бақытқа жетелейді. Дінсіз қоғам болмайды. Ата-бабаларымыз бізге кең байтақ даламызбен қоса, иман байлығын аманат қып тастап кетті. Елбасының «Діни ағыммен күресемін деп, дінмен күреспеңдер» деген жақсы сөзі бар. Қазіргі таңда біз «дін» мен «діни ағымды» ажырата алмай, қателікке бой алдырудамыз. Сондықтан
ұстаздардан дін саласына қатысты жүйелі түрде дәріс алған жөн, — деді Қабылбек Әліпбайұлы.

Сондай-ақ спикер жастарға кездесу барысында ақиқат діннің ерекшеліктерін, пәтуа ережесі мен оны кімдер беруге болатыны, оның жауапкершілігі жайында түсіндірді.

Хәнафи мазхабын ұстанатын елдердің пәтуаларын біздің елімізде қолдану қаншалықты дұрыс деген сұраққа Қ.Жұмабеков:

­Пәтуа – мекен мен заманға қарай өзгеріп отырады. Ол әлбетте ең бірінші қасиетті Құраннан алынады. Пәтуаны шығару үшін ол ұлттың салт-дәстүрі мен сан ғасырлық тарихы да ескеріледі. Бұл —  үлкен жауапкершілік. Заң үнемі өзгерген секілді, пәтуада өзгеріп, толықтырылып отырады, — деді белгілі дінтанушы.

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *