Орал қалалық КПб жедел уәкілдері қылмыстық топты құрықтады.
Жымысқы ойларын жүзеге асырмақ болған екеу түнгі сағат 23.00-ден соң ұрлық жасауға бел шешкен. Қала ішіндегі бір кафенің терезелерін ішке қарай итеріп ашу арқылы, кафе ішінде тұрған «Алкомат» маркалы кондиционерді көтеріп шыққан.
1973 жылы туған кәсіпкерге 1 миллион 500 мың теңге шығын келтірген. Оқиға орнына шұғыл барған полиция қызметкерлері 1995 және 1996 жылы туған екі жігітті ұстады. Бұған дейін де тонау, ұрлық, бұзақылық сынды қылмыспен істі болған оралдық екі күдікті ұрлық жасағандарын мойындады. Олар басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Олардан қымбатқа бағаланатын кондиционер тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды.
Қылмыстық іс қозғалды.
Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі