Бас жүлдеге көлік тігіледі 

Биыл екінші мәрте өз жалғасын тапқан «TALANT BAR» шоу-бағдарламасы көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Жастар мәдениет үйінде Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен Жастар шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен «TALANT BAR» жобасының бастау алғанына биыл — екі жыл.  Шараның басты мақсаты — «Жастар жылына» қолдау білдіру,  өңіріміздігі дарынды әншілерді халыққа таныту, оларды үлкен сахнаға баулу. Жобаның авторы — Римма Аманжол.
«Осы кешті ұйымдастырудағы басты мақсатымыз — жас таланттарды сахна жұлдызына айналдыру. Біз осындай кештер арқылы атаулы жыл аясында өнерлі жастарға қолдау білдіреміз», — деді жоба жетекшісі.
Кеште Айгүл Мұхамеджанова, Медет Оразов, Мұратжан Усманов, Ерлан Қуанышов, Гүлзада Ахметова сынды танымал өнер майталмандары және «Бaтыс Star», «Інжу», «MakhamBand» топтары өнер көрсетті. Әуезді ән мен әсерлі би қойылымдары тыңдарманға ерекше серпіліс берді.  Кеш барысында ойнатылған бағалы сыйлықтар лотереясы көрермендерді үйге бос қайтармады. Жоба авторының айтуынша, келер жылы лотереяның бас жүлдесіне көлік ойнатылмақ. Сондықтан, таланты бар өнерлі жастардың ерекше кешінен қапы қалмайық!
 
Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *