Аналар форумда бас қосты

Оралда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Əлемнің жарығы» атты облыстық аналар форумы өтуде.

Басқарманың жұмыс жоспары аясындағы аналар форумы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған. Түске дейін шеберлік сыныптары, психологиялық тренинг, дөңгелек үстел форматындағы секциялық отырыстармен басталған форум күннің екінші жартысында пленарлық жиынмен жалғасты. Форум жұмысына қатысқан облыс əкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов пен танымал ақын Ақұштап Бақтыгереева бұл басқосудың маңыздылығын атап өтті. Жиында сөз алғандар нəзік жандардың қоғамдағы рөлі, бала тəрбиесі жайлы сөз қозғады.

Лəззат ҚАЖЫМОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *