Банк ұжымы жомарттық танытты

Оралдағы «Сбербанк России» еншілес банкі» АҚ-ның ұжымы керемет бір жомарттық іс жасады.

Банк қызметкерлері Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығынан қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі балалар мен күндізгі жартылай стационар бөліміне демеушілік жасады. Жүрегі мейірімге толы жандардың атынан келген директордың орынбасары Назгүл Ихсанова жеті балалы, аз қамтылған Бисембаевтар отбасына жаңа үлгідегі кең матрасты кереует, балаларына күрте және тәттілер тарту етсе, бес балалы Кунтуаровтар жанұясына химиялық жуғыш заттар мен тәттілер сыйға тартты. Ал күндізгі жартылай стационар бөлімінің қызмет алушыларына тұрмысқа қажетті химиялық жуғыш заттармен демеушілік жасады. Көмекке мұқтаж осындай жандарға қайырымдылық қолын созған мейірімділіктеріңізге шын жүрегімізден алғысымызды білдіреміз.

Абзал МОЛДАҒАЛИЕВ,
мекеме директорының орынбасары

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *