ҚР Президенті Н.Назарбаев: «…Барлық жағдайды бірге қарауымыз керек»


Бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтуде. Бұл туралы  BAQ.KZ тілшілері мәлімдеді.

Жиында сөз алған ел Президенті, партия төрағасы Н.Назарбаев съезге қатысушыларды партияның 20 жылдығымен құттықтап, «Нұр Отан» партиясының саяси күшке айналып, жұмыс жасап жатқанын атап өтті. Сонымен қатар төмендегідей мәселелерге ерекше тоқталып, бірқатар тапсырмалар берді.

«Кіші және моноқалаларды дамыту үшін жақын 3 жылға 10 млрд теңге бөліну керек»

«Республикалық бюджеттің 40% астамы әлеуметтік салаға жұмсалады. Мен Ұлттық қордан халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қаржы бөлу туралы шешім қабылдадым. Үкімет осы шығындарды дұрыс әкімшілендіру керек»

«Көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту керек. Бүгінде елімізде 340 мыңға жуық отбасында 4 баладан артық бала бар. Жыл сайын көпбалалы отбасыларға 500 млрд теңгеден артық бөлінеді. Бұл отбасылардың кірісі әртүрлі деңгейде. Оларға көмек көрсетуде табыс деңгейіне қарау керек. Көп кіріс кіретін отбасылар мен айлығы төмен отбасыларға мемлекет бірдей көмек көрсетпей, ең алдымен, мемлекет табысы төмен көпбалалы отбасыларға мән беру керек»

«Толық емес, көпбалалы отбасыларға үйде жұмыс істеу жағдайларын жасау керек»

«Қазіргі уақытта мекенжайлық-әлеуметтік көмекті 111 мың отбасы алып отыр. Көпбалалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге жәрдемақы бекітілсін»

«Әкім тұрғындармен жылына бір рет емес, бірнеше рет кездесуі керек. Мұғалімдермен, дәрігерлермен кездесу керек. Жылына бір рет шығу деген болмау керек. Жиі кездесу керек»

«Жол мәселесіне қатысты 350 млрд теңге бөлуді тапсырамын»

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсарту бойынша жұмысты оңтайландыру қажет»

«Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырамын. Оған 2019-2021 жылдарға 90 млрд теңге бөлінсін»

«Мен болып, Үкімет болып, Партия мүшелері болып аурухана, мектеп, коммуналдық шаруашылықты, барлық жағдайды бірге қарауымыз керек. Үкіметтің бұдан басқа қандай жұмысы бар?!»

«Халықпен шынайы ашық диалог құруымыз керек. Нұротандықтар мұны жасай алады. «Нұр Отан» – қоғамдық бақылаудың басты институты болу керек»

Президент Үкімет пен әкімдерге ауылдағы көпбалалы отбасыларға жеке квота, грант пен микрокредиттерді енгізуді тапсырды. Бұл жұмысқа «Нұр Отан» мен «Атамекен» де қатысуы тиіс. Елбасы әкімдерге көмекке мұқтаж отбасыларға қатысты өңірлік бағдарламаларды қайта қарауды, Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Олардың басым бөлігі тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға берілуі тиіс. Осы мақсатқа алдағы жеті жылда қосымша жыл сайын 50 млрд теңгеден бөлінеді. Мемлекет басшысы табысы төмен, мүгедек балалары бар көпбалалы әрі толық емес отбасылар үшін де баспанаға қол жетізу мүмкіндігін арттыру керектігін, азаматтардың бұл санатына ТҮҚЖБ арқылы жылына 2-3 процентпен тұрғын үй заемдарын беру механизмін әзірлеуді тапсырды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *