Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі «ауру жұғып, бұзылған банандар» туралы видеоға түсініктеме берді, — деп хабарлайды BAQ.KZ
Мессенджерлерде вирус жұқтырған банандар туралы ақпарат тарай бастады. Онда оңтүстіктен әкелінген жемістер қауіпті болуы мүмкін деп айтылады. Ақпаратта ауру жұқтырған Қытай азаматтары туралы да мәлімет келтіріледі.
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға оңтүстіктен әкелінген банандар туралы ақпарат таратылып жатыр. Авторлар осы жемістерді қолданған кезде сақ болуға шақырады. ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп ресми түрде хабарлайды. Қазақстанда банан жеп вирус жұқтыру фактілері тіркелген жоқ, — дейді комитеттің баспасөз хатшысы Ержан Байтанаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
Оның сөзінше, алаңдауға еш себеп жоқ. Ол тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.