Тауарлармен электрондық сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою жатқызылады.
Сонымен қатар, тауарлармен электрондық саудада жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою, Салық кодексінің 4-бабының екінші абзацына сәйкес, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (хабарлама осы сайттың «Электрондық сауда» қосымша парақшасында орналасқан ) негізінде жүргізіледі.
Аталған хабарлама, салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
Қаржы министрлігінің « Мемлекеттік кірістер комитеті» келесі жұмыс күні ішінде комитеттің интернет-ресурсына («Электрондық сауда» қосымша парақшасы) салық төлеушілердің тізімі орналастырылады.
Салық кодексінің 293-бабы 3-тармағына сәйкес, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші Салық кодексінің 302 бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.
Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамды қайырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады.
Осы шарт сақталмаған кезде, салық төлеуші осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.
Дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, егер осындай қызмет операциялары бойынша пайда болған теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуі ескеріле отырып, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алған кірісінің кемінде 90 пайызын құраса, жүргізіледі. Бұл шарт сақталмаған кезде дара кәсіпкер осы тармақтың бірінші бөлігі үшінші және төртінші абзацтарының ережелерін қолдануға құқылы емес.
Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, тауарлармен электронды сауданың тасымалдауға, тауарлар жеткізілетін тұлғалардан және СТ-мен көшіріп алған ЭШФ-ның ақпараттарына сәйкес, заңдылықтардың сақталуына байланысты автоматтандырылған қамералдық бақылау жүргізіледі
БҚО бойынша МКД