Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс бөлімі №19, №20 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Шарада 9-11-сынып оқушыларына Көкшетау техникалық институтына түсу бойынша, талапкерлерге қойылатын негізгі талаптар, казармадағы өмір және оқу орнының артықшылықтары туралы, сондай-ақ Ресей және Беларусь жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Оқушыларға ақпараттық бейнематериалдар ұсынылды.
Оқушылар КТИ оқу перспективасына қызығушылық танытып, офицерлермен қызу әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орны болып табылатыны, оқуға қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының балдарына сәйкес жүзеге асырылатыны жөнінде айтылды. Профильдік пәндерге физика және математика пәндерін таңдауды, сондай-ақ курсанттарды оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатыны туралы мәлімет берілді. Институтта, сондай-ақ шетелдегі оқу орындарында күндізгі оқудың толық курсын бітірген адамдар үшін оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі. Барлық қатысушыларға ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсу ережелері туралы ақпарат берілді.
А. Қалиев,
Азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері