Круглоозерный кентінде атқарылған іс-шаралар

Жалпы ақпарат

2020 жылдың 1 қаңтарына кентіміз бойынша аула саны 21-ге өссе, халық саны 92 адамға көбейді. (Аула саны – 1 681 құрайды (Серебряковода – 359 аула), 2019 жылы – 1660 аула (354));

  • Кентте 12 – ден астам ұлт өкілдері тұрады;
  • 86 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды;
  • Кентімізде 64 Жеке кәсіпкерлер, 6 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 22 Шаруа қожалықтары жұмыстануда.

Аталмыш кәсіпкерлік субъектілері қала әкімдігінің ұйымдастыратын жәрмеңкелеріне ұдайы қатынасып, өз өнімдерін қала халқына ұсынуда.

  • Кент тұрғындары газбен, сумен, электр желісімен толық қамтылған. Кең ауқымды интернет желісіне қолжетімді. 

Денсаулық сақтау

Кентте тұрғындарға медициналық қызмет көрсету дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункт арқылы жүргізіледі. Кенттегі дәрігерлік амбулаторияда 3 жалпы тәжірибедегі дәрігер, 16 медбике қызмет атқарады. Дәрігерлік амбулатория кадрлармен толық қамтамасыз етілген.

Халықтың демографиялық өсім көрсеткіші кентімізде жылдан жылға артып келеді.

Қазіргі таңда Круглоозерныйда 2, Серебряковода 1  дәріхана жұмыс жасайды.

Білім беру

  Кентте екі аралас жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс жасайды. Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектебінде 95 мұғалім қызмет атқарады, 904 оқушы білім алуда. Серебряково орта жалпы білім беретін мектебінде 41 мұғалім жұмыс жасайды, 227 оқушы білім алуда. Мектеп мамандармен толық қамтылған. Мектептердің заттық – техникалық жабдықтары қанағаттанарлық. Круглоозерный мектебінің жанында 50 орынға арналған және Серебряково мектебінің жанында 25 орынға арналған шағын орталық жұмыс жасайды.

Круглоозерныйдағы №23 бөбекжайда 30 бала, Серебряководағы №11 «Ертөстік» бөбекжайында 28 бала тәрбиеленіп жатыр.

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Орал қалалық мәслихат депутаты С.Мұхамбетқалиевтың, кент кәсіпкерлерінің атсалысуымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дайындау шаралары өткізілді.

Кентімізде 31199 (Круглоозерныйда – 19085, Серебряковода – 12114)  кітап қоры бар 2 кітапхана жұмыс жасайды. Қазіргі таңда Круглоозерныйдағы кітапхана, «Шұғыла» балалар аула клубы, ағылшын және ментальді-арифметика курстары әкімдік ғимаратына ашылды.

Абаттандыру

Кентте абаттандыру жұмыстарымен 14 адамнан тұратын «Жайық таза қала» ЖШС 2 бригадасы жұмыстанады. Елбасымыздың үстіміздегі жылды «Жастар жылы» деп белгілеуіне байланысты, Серебряков ауылында жаңадан ашылған тынымбаққа «Oqushylar» атауы берілді. Аталмыш тынымбақты абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 7,5 млн теңге бөлінді. Мердігер – «СтандартИнвестСтрой» ЖШС. Саябақта жарықтандыру нүктелері орнатылып, орнына жас көшеттер отырғызылды, қабырған тастар (брусчатка) төсеу, қоршауларды бояу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса, саябақ ішіне балаларға арналған шағын ойын алаңы орнатылды.

 Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету

Круглоозерный кентінде орналасқан «JASTAR» саябағындағы ойын алаңына қысқы мезгілде жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін және жас кәсіпкерге қолдау көрсету мақсатында мұз сырғанау алаңын ашуға рұқсат берілді. Сонымен қатар, жаз мезгілінде саябақ ішінен батут және балмұздақ сататын дүңгіршек қою үшін кәсіпкерлерге орын бөлінді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттарды Круглоозерный кенті бойынша 13 адам ие болып, 6,565 млн теңге қаражат алынды. Оның ішінде: 3,535 млн мал шаруашылығына, 1,010 млн сұлулық салонын ашуға, 505 мың көлік жуу ашуға, 505 мың кондитерлік цех ашуға, 505 мың шаштараз ашуға, сонымен қатар, 505 мың жылыжай жұмысына жұмсалды.

 Санитария

Кенттің санитариясын қамтамасыз ету мақсатында кент әкімдігі «Жайықтазақала» ЖШС-мен бірлесіп ҚТҚ үшін 40 контейнерді жөндеу бойынша жұмыстар жүргізді. 2020 жылы қосымша контейнерлер мен контейнерлік алаңдар орнату жоспарлануда.

 Электр желісі және жарықтандыру

Жинақтық трансформаторлық қосалқы станциялардың (КТП) жүктемелері белгіленген шамадан тыс болуына байланысты қысқы уақытта және ауа райының құбылмалы уақыттарында электр желілерінің жиі істен шығуы көптеп кездеседі. Бұл мақсатта кентіміздегі трансформаторлардың жүктемесін азайту бойынша жұмыстар атқарылуда. Сондай – ақ, электр энергиясын үнемдеу мақсатында «Жайық жарығы» мекемесімен жасалған келісімшарт аясында Астана көшесінде — 18, Борисюка көшесінде — 18, Ақтөр көшесінде — 2, аялдамаларда — 6, Серпер көшесінде-1, барлығы 45 жарық нүктесі диодты жарық шамдарына алмастырылды. Жыл сайын жарық бағаналарын сырлау және өрнек салу жұмыстары атқарылып отырады. Кентімізде электр желілеріне кедергі келтіріп тұрған ағаштарды кесу жұмыстары уақтылы жүргізіліп тұрады.

 Жолдар мен тротуар

«Кент жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасы» шеңберінде Астана көшесі бойынша ұзындығы 350 м және жалпы сомасы

5 млн.теңге құрайтын жаяу жүргіншілер салынды. Мердігер «Жайықсапа» ЖШС.

Сонымен қатар, 2019 жылы «ҚазСуШар» РМК БҚФ-мен су құбырларының жөндеу жұмыстары барысында бұзылған асфальт-бетон жамылғыларын  қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

 Арықтар

Көктемгі кездегі су басуының алдын алу мақсатында кентімізде арық қазу жұмыстары жасалынды. Бұл бағытта Круглоозерный кентінде Бейбітшілік көшесінде 500 метрге жуық арық қазылды.  2020 жылы бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.  Қыс мезгілінде су басу қаупін алдын алу үшін  кентімізде қар шығару жұмыстары барысында 3800 м3 қар шығарылып, 900 куб су сору жұмыстары жүргізілді.

Жол белгілері

Кентімізде оқушылар мен тұрғындардың жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында кенттегі «жасанды жол кедергілеріне» жөндеу жұмыстары жүргізілді және асфальт жабынындағы 8000 метрге жуық  жол белгілері жаңартылды.

Сонымен  қатар, кент әкімдігімен «Қауіпсіз жол» акциясы ұйымдастырылып, жүргізушілерге, мектеп оқушыларына және кент тұрғындарына жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертпе қағаздары таратылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық

БҚО елдімекендерін абаттандыру қағидасына сай кент әкімдігінің мамандарымен тұрғындар мен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жазғы уақытта іргелес аймақтарын қоқыстан, құрылыс материалдарынан тазарту және қысқы уақытта қардан, мұздақтардан тазарту жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарламалар таратылды. Сонымен қоса, бағымсыз, қараусыз жүрген мал иелері анықталып ҚР ӘҚБтЗ 729 бабына сәйкес,  тұрғындарға 5 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 тұрғынға айыппұл салынды.

 Ашық әкімдік

2019 жылдың 18 қыркүйегінде қала әкімі және әкімдіктің 18 құрылымдық бөлімшесі басшыларының қатысуымен Круглоозерный мектебінің мәжіліс залында «Ашық әкімдік» шарасы өткізілді. Аталмыш шараға 44 тұрғын келіп, 9 бағыттағы сұрақтарын қойды.

Дәл осындай шара 2019 жылғы 16 қарашада Серебряково ауылында жалғасып, 25 тұрғын келіп, 8 бағыттағы сұрақтарын қойды.Тұрғындардың қойылған сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар беріліп, нақты жұмыстар атқарылды.

 Инвестициялық жоба

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, өткен жылы «7–20–25 Әр отбасына баспана сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы мақұлданды. Осы бағытта Шағала көшесінде 3 қабатты 42 пәтерлік үйді салып жатқан  «Оральземтрубсервис» құрылыс компаниясының және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айта кетсек, «Оралземтрубсервис» ЖШС компаниясы 160 орындық балабақша құрылысын жүргізуде.

 Мәдениет және көпшілік шаралар

2019 жылы кентімізде барлық деңгейдегі мерекелер ұйымдастырылды, сонымен қатар сенбіліктер, ардагерлермен және жастармен шаралар, акциялар, спорттық жарыстар оздырылды.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *