2019 жылдың қараша айынан бастап «Jas Otan» ЖҚ 2025 жылға дейінгі «JASTAR – OTANǴA!» бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс Қазақстанның барлық өңірінде жүзеге асып келеді.
«Jas Otan» ЖҚ 2025 жылға дейін жоспарланған бағдарламаның негізгі мақсаты–жастар қанатының даму векторын айқындау, жастарды әлеуметтендіру үшін нақты тетіктер мен механизмдерді дайындау мен жас спортшыларға, шығармашыл, ғылым — біліммен айналысатын жастарға жан-жақты қолдау көрсету, отбасы институтын нығайту.
Осы бағытта «Jas Otan» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы қызметкерлері әр түрлі саладағы спортшылар мен студенттер, сонымен қатар ауыл жастары, техникалық саланың жастарымен кездесіп ой пікірлері тыңдады. Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандар мен жас ғалымдармен кездесу жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың 14-16 қаңтар күні «Jastar Otanga – 2025» бағдарламасы аясында Х.Есенжанов атындағы «Bilim ortalуğуnda» интеллектуалды ойын өткен болатын. Танымдық бәсекеге облыстық Жұбан Молдағалиев атындағы ОҒӘК, М.Горький атындағы қалалық және облыстық Х.Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының жас кітапханашылары қатысып, әдемі ойын өрнегін көрсетті. Тиісінше жас кітапханашылар «Jastar Otanga» бағдарламасына өз идеяларын ұсынды.
Ал 16 қаңтар күні «Jas Otan» Жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «JASTAR OTANGA – 2025» бағдарламасы Ақжайық жастарының жас блогерлері арасында талқыланып, ұсыныстар мен идеялар жинақталды.
Біз жастардан әр ұсынысына құлақ асатын боламыз. Бұл біздің бағдарламамыздың негізіне айналады. Әрбір жастың сөзі мен ісі, әрбір жастың арманы біздің бағдарламаға кіріп, оны іске асыруға өз күшімізді жұмылдырамыз», — деді «JasOtan» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерлік Шамгалиев.
Алматы қаласынан келген ораторлар Болат Темірлан мен Бейбіт Темірболатов жастарға кәсіби бағыттағы тренингтер өткізіп, өзара тәжірибелерімен алмасты.
Жастар өздерінің бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін әртүрлі жобаларды зерделеп, жобалар мен бағдарламалар арттыру, отбасылық бизнеске қолдау көрсету, еңбек ету жасынан асқан мамандарды резервтегі мамандармен алмастыру т.с.с. көптеген мәселелердің шешілу механизімдерін ұсынуда.
Құрметті, еліміздің, өңіріміздің жастары, егер сіздің де «JASTAR OTANGA – 2025» бағдарламасына қосатын ұсыныс идея, жастардың әл ауқатын арттыруға арналған механизімдеріңіз болса Jastarotanga@gmail.com почтасына жолдасаңыз болады.
«PULS» ақпарат