Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы прокуратурасының бастамасымен еңбек заңнамасын сақтау, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу және ескерту мәселелері бойынша кеңес өткізді, — деп хабарлайды БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Жиналысқа аудан әкімінің міндетін атқарушы Алпамыс Көшкенбаев, аудан прокуроры Нұрлан Мақатов, еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Арман Түйгінбетов және кәсіподақ орталығының төрайымы Айгүл Есекенова қатысты.
Кездесуге жеке бизнес, медициналық мекемелер мен KPO b.v., KKS Sicim, LLP Caspian, MCC компанияларының өкілдері шақырылды.
Аудан прокуратурасымен еңбек жанжалдарының алдын алу және еңбек дауларын тиімді шешу мақсатында іс-әрекеттердің қадамдық алгоритмі ұсынылды. Сонымен қатар жиналғандарға жұмыс берушінің жадынамасы таратылды.
Қатысушылар еңбек заңнамасының әр түрлі мәселелерін, оның ішінде жұмысшыларға қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау мәселелерін талқылады.