2020 жылдың 17 қаңтарында Бөкей ордасы ауданының прокуроры Қанабіл Төремұратов «Nur Otan» партиясының филиалында азаматтарды қабылдау жүргізді, — деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ай сайын өткізілетін бұл шарада халықпен тікелей қарым-қатынас орнатылып, ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетіледі, туындаған мәселелерді шешу қарастырылған.Аудан прокуроры үш азаматты қабылдап, олардың жұмысқа орналасуға, мүгедектік алуға және әлеуметтік көмекке қатысты сұрақтарына жауап берді.
Айта кетсек, өткен жылы прокуратурамен 183 тұлға жеке қабылдаған.
Естеріңізге салайық, аудан прокурорымен азаматтарды қабылдау күн сайын 09.00-19.00 сағат аралығында жүргізіледі (Прокуратураның мекен-жайы: Сайқын ауылы, А.Оразбаева көшесі, 27, тел. 21 268).