Ата-аналардың тілегі ескеріліп, қураған ағаш кесілді

Балалардың өмір қауіпсіздігін ойлаған қала тұрғыны редакциямызға хабарласып, мектепке барар жолдағы құлағалы тұрған ескі ағаштан ата-аналардың қауіптенетінін айтқан еді.

Осы мәселеге байланысты қаладағы «Жайық таза қала» мекемесіне, қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне қоңырау шалып, тұрғындар өтінішін жеткіздік. Бір күн ішінде қажетті шараларды қабылдаған жауапты мекеме өкілдері мен жұмысшылары кәрі теректі кесіп, қауіптіліктің алдын алды.

Нақтырақ айтсақ, редакциямызға Оралдағы №7 орта мектепте қыздары оқитын Күнсұлу Ерғалиқызы есімді тұрғын хабарласқан еді. Ал діңгегі жарылып, құлағалы тұрған ағаш сол аудандағы Кердері көшесіндегі 120-үйдің маңында екен.

Ата-аналар өтініштерін ескерусіз қалдырмаған жауапты мекеме басшыларына ризашылықтарын жеткізді.

Тағы бір айта кетерлігі, шаһар тұрғындары осындай адамдарға қауіп төндіретін немесе қаланың келбетіне нұқсан келтіретін көріністерді байқаған жағдайда 109 бірыңғай нөміріне немесе 87000 109 109 нөміріндегі WhatsApp әлеуметтік желісіне хабарлама қалдыра алады.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *