Орал қаласы аумағында 2019 жылдың 17 желтоқсаны мен 2020 жылдың 3 қаңтары аралығында өткізілген «Пиротехника» жедел алдын алу шарасы қорытындыланды.
Шараның мақсаты – жаңа жыл мерекесін өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылау. Аталмыш шара кезінде Орал қалалық полиция басқармасының ӘПб жеке құрамы ЖПҚб және БҚО төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, кешенді тексерістер ұйымдастырды. «Алтын Алма», орталық «Мирлан», «Жайық», Теміржол бекеті ауданындағы базарлар, «Жеңіс» және «Аяжан» сауда үйлерінің төңіректері тексерілді.
ЖПҚб ЮПт инспекторлары мектептердегі жасыл шырша мерекесінде сақтық ережелерін қадағалап, оқушылар арасында түсінік жұмыстарын жүргізді. ӘПб инспекторлары «Пиротехника» ЖАШ аясында қала бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесін шығарды.
ҚР ӘҚБК-нің 196-бабына сай, нақтырақ айтсақ, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасаған он үш тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған заңның көрсетілген бабында «Еркін сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады» делінген. 13 тұлға хаттама бойынша айыппұлдарын төлейтін болады.
Орал қалалық ПБ ӘПб