Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда жоғарылады, — деп хабарлайды BAQ.KZ.
«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның 7-бабына сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы АЕК 2651 теңгені құрайды.
Ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалады — 42 мың 500.
Күнкөріс минимумының шамасы 31083 теңге көлемінде.