Бүгін «Жұлдыз» мейрамханасында мүгедек балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтті.
«Ақ желкен» мүгедектер қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған мерекелік кешке тоқсаннан астам екі және 14 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен балалар қатысты.
Мақсаты – балаларға мерекелік көңіл күй мен жаңа серпіліс сыйлау.
Шараға орталыққа келуші туа бітті мүгедектігі бар, зағип, мүгедектер арбасына таңылған балалар жиналды. Жаңа жылдық шыршада аниматорлар балалардың көңіл-күйін көтеріп, түрлі ойындар өткізді. Ал Аяз Ата мен Ақшақар жиналғандарға сыйлықтар тарту етіп, бірге қосылып ән шырқады.
Жұмысын осы жылдың шілде айынан бастаған «Ақ желкен» мүгедектер қоғамдық бірлестігі төрт бағыт бойынша көмекке мұқтаж мүгедек жандарға қызмет көрсетуде.Қазіргі таңда аталмыш қоғамдық бірлестікке 200-ден аса қала тұрғындары жүгінеді екен. Бірлестік басшысы – Мирас Қарабинов.
Ұйымдастырушылар мерекелік кешке ата-аналар балаларымен бірге бірлестіктің тиімді «Инватакси» бағдарламасы арқылы қатынағаны жөнінде айтты.
Гүлзинат ҚИБАТОВА