Орал қаласы аумағында желтоқсанның 25-31 күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Бұл шараға аталмыш басқарманың, өзге де жауапты басқармалардың барлық күштері мен құралдары тартылуда. Іс-шараны ұйымдастырып өткізу кезеңінде басқарманың жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшіріліп, осы мақсаттағы міндеттерді тиянақты орындауға барынша жұмылдырылды.
Басты мақсат – облыс орталығы аумағында, қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу. Осы мақсатта бірнеше бағыттар бойынша түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға тосқауыл қойылып, кешенді рейдтер мен тексерістер өтеді деп жоспарлануда.
«PULS» ақпарат