Жас каратэшілердің жеңісі

Араши каратэ ММА бойынша аймақтық турнирге қатысып бақ сынаған батысқазақстандық спортшылар командалық есепте бірінші орынға шықты.

Ресей Федерациясының Саратов қаласында өткен аймақтық турнир 6 және 17 жас аралығындағы жасөсіпірімдер арасында ұйымдастырылған. Спорт жарысына Батыс Қазақстан облысының атынан Құттығали Арманұлы  (№30 ЖОББМ), Бауыржан Максимов (№10 ЖОББМ), Сержан Жеңісов (№47 ЖОББМ), Дәурен Қадыров (№10 ЖОББМ), Нұрхан Қабенов (№47 ЖОББМ), Кенесары Маратов (№42 ЖОББМ) , Әлихан және Әмір Мусаиновтар (№40 ЖОББМ)  сынды каратэшілер қатысты. Жерлестеріміз додада жеңіс тұғырынан көрініп, топтық есепте көш басына шықты. Мектеп оқушыларын спортқа баулып жүрген бапкері – «Қазақстан ARASHI MMA Федерациясы» ҚБ БҚОФ директоры Асхат Мусаинов.

Каратэмен айналысқаныма үш жылға жуық уақыт өтті. Осы күнге дейін біраз жетістікке жеттім. Бұл жеңісім – алдағы жетістіктеріме жол ашып тұр, – деді жарыста жүлделі бірінші орын алған Құттығали Арманұлы.

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *