Жергілікті әскери басқару органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер

ҚР Қорғаныс Министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

Бұл қызметтер 2013 жылғы 15 сәуірдегі ҚР-ның Заңына, «Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы №113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы №442 бұйрығына сәйкес  жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті ҚР Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органдары көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі келесідей: 1.Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – бес жұмыс күні; 2.Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – отыз жұмыс күні; 3.Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап  – төрт жұмыс күні; 4.Ұлы Отан соғысына қатысушыларға куәліктер беру құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – бір жұмыс күні, куәлік беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзімі отыз жұмыс күніне дейін ұзартылады; 5.Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль апатын жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – бір жұмыс күні, ЖӘБО-да анықтама беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзімі отыз жұмыс күніне дейін ұзартылады. 6.Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – бір жұмыс күні, ЖӘБО-да анықтама беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзімі отыз жұмыс күніне дейін ұзартылады. 7.Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – бір жұмыс күні; 8.ҚР-нан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – бір жұмыс күні; 9.Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау бірінші кезенде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – екі жұмыс күні, екінші кезеңде – ҚР Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымына азаматтарды әскеритехникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға қабылдау туралы хабарлама көрсетілген сабақтар басталған сәттен бастап – қырық екі жұмыс күні; 10.ҚР Қорғаныс Минстрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – он бес жұмыс күні.

Айгерім ТАМЕНОВА,

Орал калалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету бөлімшесінің инспекторы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *