Сотталушылар арасындағы сайыс

Облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты РУ-170/3 мекемесінде терроризм және экстремизм бабымен сотталған азаматтар арасында  «Білім – ер  азығы, Ер – ел  азығы» атты  білім сайысы өтті.

БҚО дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясындағы шараны «Аманат-Жайық»  қоғамдық қоры ұйымдастырды. Басты мақсат – сотталушы азаматтардың діни білімін арттыру және оңалту.

Білім сайысына «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог мамандары Арман Нұрахметұлы мен Азамат Раманқұлов, Дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы  Азамат Төлепов  пен РУ-170/3 мекемесінің теологы Айбір Сембай қазылық етті. Сайысқа қатысушылар  Хадис ілімі, «Пайғамбар ақидасы»  кітабы  және қазақтың мақал-мәтелдері бойынша өзара сынға түсті. Олардың арасынан үш сұрақтан тұратын тапсырмаға толық әрі дұрыс жауап берген жеңімпаздар анықталды.

Сайыс нәтижесінде Серғали Төлешов, Айбек Нұрмұханов, Келдыбек Мәден жүлделі орындарға ие болды. Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *