Нәзік жандар қорланбауы тиіс

БҚО Кәсіподақ орталығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Облыстық Кәсіподақ орталығы жанындағы жұмысшы әйелдер құқығын қорғау комиссиясы ұйымдастырған жиын «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясымен орайластырылды.
Басты мақсат-нәзік жандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамдағы осы мәселемен күрес механизмдерін әзірлеу, қоғамның назарын аудару, отбасылық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.


Жиында алдымен сөз алған БҚО Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова аталмыш комиссияның жұмыс барысымен таныстырды. Комиссия төрайымы Ганди Шамкелова комиссия өз жұмысын Айгүл Оразқызы кәсіподақ басшылығына келгелі қолға алынғанын айтты.
Әйел азаматшаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесін сөз еткен қатысушылар тақырып төңірегінде ой-пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді. Осындай жағдайға ұшыраған жандарға қолұшын созып жүрген қоғамдық ұйымдар өкілдері нақты мысалдар келтіріп, қоғамда мұндай жағдайлар кездесетінін жасырмады. БҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Шынар Қапаева 2020 жылы еліміздегі «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» Заңға өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша кейбір түйткілді мәселелерге тоқталды.
Дөңгелек үстел соңында Жұмысшы әйелдер құқығын қорғау комиссиясы БҚО Кәсіподақтар орталығымен, «Жайық таңы»,» Жайық дауысы» қоғамдық бірлестіктерімен және БҚО Полиция департаментінің ЖПҚ-мен бірлесе жұмыс жасау мақсатында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *