Әдебиеттің қос тарланына арналған кеш өтті

Биыл көркемсөз майданында ақын мен жазушыға  тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық және адамгершілік секілді қасиеттердің биігінен көрінген Фариза Оңғарсынова мен Әбіш Кекілбаевқа – 80 жыл.

Осыған орай «Достық» балалар аула клубы мен  орталықтандырылған  кітапханалар жүйесінің №5  кітапхана филиалы бірлесе «Қазақ әдебиетінің қос қанаты» атты жұлдызды поэзия  кешін ұйымдастырды. Коворкинг  орталығында өткен кештің мақсаты – қазақ даласын өзінің құнарлы  жырымен  сусындатқан  қазақтың ақын  қызы Фариза  Оңғарсынова мен дәуірдің  кемеңгер қаламгері, шебер  жазушы  Әбіш Кекілбаевтың  өмірі мен  шығармашылығын оқушыларға насихаттау, шығармашылыққа  баулу,  оқырмандық  мәдениет қалыптастыру.

Шара барысында  қаламгерлердің өмірі мен жетістіктері  жайында оқушыларға кеңінен мағлұмат беріліп, «Достық» балалар аула клубының тәрбиеленушілері Мәжит  Миржан «Әкеме», Рахметолла Нұрәлі «Кеттің енді, жаныма жанашыр кім?»,  Сапарғалиева Сабина «Жеңешем», Кайрушина Мейрамгүл «Ақжайық» атты  шығармаларын мәнерлеп оқыды. Поэзия кешінің соңында тақырыпқа орай ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалып,  әдебиеттер таныстырылды.

Жұлдыз АМАНҒАЛИЕВА,

«Достық» балалар аула клубының

үйірме жетекшісі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *