Асқақтай бер, Бәйтерек!

Бүгін  Жастар мәдениет үйінде «Асқақтай бер, Бәйтерек!» атты концерт өтті.

Биыл мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты «Бәйтерек» аула клубының құрылғанына бес жыл толды. Мерейтойға арналған концертке 200-ден астам аула клуб тәрбиеленушілері қатысты. Шығармашылық кеште аула клуб намысын республикалық деңгейде қорғап жүрген «Шабыт» би ансамблі, Әлинұр Хамзин, Алан Мерғали, Әлихан Айтымбетов, Мөлдір Маратова, Фархат Серікбаев, ағайынды Ерсайыновтар сынды өнерлі өрендер өнер көрсетті.

­«Бүгін осы күнге дейін жеткен жетістіктерімізді көрсететін сәт туып, үлкен концерт бердік. Бұл жерде балалар бос уақыттарын тиімді пайдаланады. Аула клуб жат қылықтардан аулақ болуға шақырады», — деді аула клуб меңгерушісі Ләззат Касимова.

Шығармашылық кешке қолдау білдірген  Зашаған кенті әкімдігіне, мәдени-ағарту бірлестігіне, «Жәңгір хан» сауда үйіне, «Қазанат» мейрамханасына орталық атынан алғыс білдірді.

­­Жас өнерпаз Аяулым Нығмет үш жылдан бері аула клубқа келеді.  Мың бұрала билейтін ол бірнеше мәрте республикалық, облыстық байқауларда топ жарып жүр. Анасы Әсел Дәуленованың айтуынша:

­ «Қызыма «Бәйтерек» аула клубы қатты ұнайды. Өнерге баулып жатқан ұстаздарына үлкен алғыс білдіремін. Орталық жұмысына жеміс тілеймін», — деді Аяулымның анасы.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *