Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Жаңа жыл мерекесі кезіндегі өрт қауіпсізідігі» жайлы ақпарат берілді.
Аталмыш брифинг Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашевтың қатысуымен өтті.
Жасұлан Қыдырғожаұлының айтуынша, көпшілік тойлайтын мейрамдар мен серуендер кезінде өрт және адамдардың қаза болуы күрт өседі екен. Бұл көбінесе адамдардың психологиялық көңіл-күйіне байланысты, олар мұндай кезеңдерде жұмыс уақытында жиналып қалған стресстен арылғысы келіп, өзінің сақтығы мен зейінін айтарлықтай жоғалтады. Бұл ретте отпен байланысты оқиғалар саны жаңа жыл мерекесі кезінде ерекше көзге түседі.
2018 жылдың 31 желтоқсаны мен 2019 жылдың 2 қаңтары аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында 4 өрт оқиғасы орын алды. Өрттің жалпы санынан Орал қаласында екі өрт, ауданда екі өрт оқиғасы тіркелді. Орын алған өрт салдарынан бір адам жарақат алды, — деді Ж.Жұмашев.
Брифингте мерекелік іс-шараларды қауіпсіз өткізу бойынша шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа жылдық шыршаларды өткізуге қатысатын объектілердің тізбесі қалыптастырылатыны айтылды.
Есепке алынған объектілердің әкімшілігімен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар бере отырып, мерекелік іс-шараларды тікелей өткізу орындарына комиссиялық тексерулер жүргізіледі. Эвакуациялау жолдардың жай-күйіне, алғашқы өрт сөндіру құралдардың болуына, жаңа жылдық шыршаларды қауіпсіз безендіруге, ақаусыз электр гирляндаларын қолдануға, иллюминацияға, шыршаның тұрақтылығына, оны қауіпсіз, эвакуациялауға кедергі келтірмейтін жерге орнатуға, сондай-ақ өрт және т.б. туындаған жағдайда қызмет көрсетуші персоналда іс-қимыл дағдысының болуына ерекше назар аударылмақ.
Мерекелік іс-шараларды өткізуге қатысатын барлық объектілердің аумағына өрт сөндіру техникасы қойылады.Жоспардан тыс өрт-тактикалық сабақтар, өрттерді сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкаларын, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін түзетумен, сондай-ақ төтенше жағдайларға, оның ішінде террористік қауіп-қатерлерге байланысты іс-қимыл бойынша жұмылдырылған объектілердің персоналына сабақтар мен жаттығулар өткізу жоспарланған. Пиротехникалық бұйымдарды рұқсатсыз сату орындарында ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесіп осындай фактілердің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілетін болады, — деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы