Ағымдағы жылдың 26-27 қазан күндері кудодан барлық жас ерекшелігі бойынша төртінші аймақтық турнир өтті.
Дәстүрлі додаға Ресей Федерациясының Саратов қаласы мен еліміздің Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан өңірлерінен 350 спортшы қатысты.
Кудо спортын дамыту мен оны кеңінен насихаттау, шеберлік деңгейін арттыру, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын ұстану мақсатында өткізілген спорттық жарыста қатысушылар ептіліктерін танытты.
«PULS» ақпарат