«Бірге – таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы сенбілікке шықты деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Сенбілік шарасы барысында әскерилер Орал қаласы аумағында орналасқан «Этих дней не смолкнет слава» атты ескерткіш маңын жапырақтан тазартып, департамент ғимараты базасында 15-ке жуық ағаш көшеттерін отырғызды.
Жалпы аталмыш акцияның мақсаты – көрнекі орындар мен табиғи аумақтарды қоқыстан тазарту. Ал әскери қызметшілер сенбілік кезінде нағыз әскерилерге тән қимылмен берілген тапсырманы дер кезінде орындады.
«Бұл акцияны тек мемлекеттік қызметкерлер мен әскери қызметшілер ғана емес, барлық қазақстандықтар болып қолдауымыз қажет» дейді департамент ұжымы.
«PULS» ақпарат