Алаяқтар ақша жымқырудың жаңа тәсіліне көшкен

Киберқылмыскерлер смартфонды сырттай басқару бағдарламасы арқылы банк клиенттерінен ақша жымқырудың жаңа тәсілін ойлап тапқан, -деп хабарлады РИА Новости сайтына BAQ.KZ сілтеме жасап.

Алаяқтар телефон иесіне гаджетті басқаруға мүмкіндік беретін жаңа бағдарламаны жүктеп алуға сендірген. 

Мамандардың айтуынша, аталмыш тәсілдің көмегімен айына жеке тұлғалалардан мыңнан астам ақша шығару операциялары жүргізілген.

«Айына орташа есеппен ірі банк үшін 6-10 млн рубльге дейін шығарып отырған», – дейді кибершабуылдарға тойтарыс беретін Group-IB компаниясының директоры Илья Сачков.

Almaty.tv хабарлауынша, осыған дейін, кибералаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін сайттардың дубликатын жасаған. Дер кезінде Kaspi.kz және Homebank.kz сайттарының егіздері анықталып, бұғатталған. Фишинг сайттарда қолданушыларға телефон нөмірі мен парольді теруді сұрайтын болған. Әрі қарай SMS-код теру арқылы қолданушы өз есепшоттарын алаяқтарға ашып беретін болған.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *