Жайма базарларды тексерді

Облыс аумағында 15 қыркүйек пен 10 желтоқсан аралығында ІІО барлық күштері мен құралдарының жұмылуымен «Учаске» жедел алдын алу шарасы өткізілуде.

ҚР ІІМ-ның биылғы 9 қыркүйектегі нұсқауын орындау мақсатындағы шара халық арасында ішкі істер органының имиджі мен беделін арттыруды, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнатуды, құқық бұзушылықтың алдын алуды көздейді. Соның нәтижесінде тиесілі аймақтарды тексеру, қаланың абаттандырылуына үлес қосу, оның санитарлық жағдайын жақсарту, ықшам аудандар тұрғындарының өтініш-тілектерін орындау бағытында кешенді тексерістер жүргізілуде. Айталық, 22 қазан күнгі рейдте облыстық полиция департаменті ЖПҚБ-ның жауапты басшылары мен қалалық ЖПҚб инспекторлары «Жайық» дүкені төңірегіне топтанған жайма базарларды тексерді. Осы аймаққа қызмет көрсететін 15 және 16-шы учаскелік полиция бекетінің инспекторлары заттарын жерге жайып немесе жер үстелдерде сауда көрігін қыздырып отырған саудагерлермен жеке сөйлесті,түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға ҚР ӘҚБТК-тің 204-бабына сай белгіленбеген орындарда сауда жасағандары үшін бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатын, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, он АЕКкөлемінде айыппұл салуға әкеп соғатынын қатаң ескертті.

«Жайық» базары төңірегіндегі көпқабатты үй тұрғындары мен зейнеткерлер тәртіп сақшыларына сұрақтар қойып,түн ішінде жастардың шулауына тосқауыл қоюды өтінді. Көне шаһардың келбетіне нұқсан келтірмей, ретсіз жайылған сауда нүктелерін жоюға жанашыр тұлғалар үлес қосуы тиіс. Бұндай рейдтер алдағы күндері де жалғасын табады.

Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *