БҚО аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Республикалық шараның алғашқы төрт күнінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің басқаруымен орын алған 592 факті анықталды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.   

Ағымдағы жылдың 10 қазанында басталған шараның мақсаты – автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру.

Автожолдарда ІІО берген функцияларға сәйкес автобустармен және таксилермен жолаушыларды тасымалдау кезінде талаптарды сақтау бойынша бақылау күшейтілген. Полиция қызметкерлері заңсыз қайта жабдықталған автобустарды, техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилерді пайдалануға тыйым салу шараларын қолдануда. Іс-шара барысында алдын ала және кезең-кезеңмен, оның ішінде рейс алдында жүргізушіні медициналық тексеру, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауына ерекше мән берілуде.

«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы  төрт күнінде облыс бойынша  қоғамдық көлік жүргізушілерінің басқаруымен орын алған  592  жол қозғалыс ережесін бұзушылық анықталған. Соның ішінде көлік жүргізушілерінің жол үстінде телефон қолданғаны үшін – 130, алтауына тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылса, 153 әкімшілік материал маневрлеу ережесін бұзғаны үшін хатталған. Ал 38 жүргізуші техникалық бақылаудан өтпеген көлік құралдарын басқарғаны үшін,  он автобус заңсыз қайта жабдықталғаны, қоғамдық көлікті басқаратын қырық жүргізуші жылдамдықты арттырғаны үшін, біреуінің қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткені үшін, 44-інің құжатсыз көлiк құралдарын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Аталған рейдтік шара алдағы 17 қазанда өз мәресіне жететін болады.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *