Ғалым да, шахтер да бас иетін…

Қазақ айының алғашқы жексенбісі – ұлағатты ұстаздардың төл мерекесі. Осы бір мәртебелі мамандық иелерінің жас ұрпақ санасына сіңіретін тәлім-тәрбиесі мен үлгі-өнегесі – өлшеусіз. Мұғалім белгілі бір тұлғаны ғана емес, бүтін болашақты қалыптастырады.

Біздің өңірімізде де білім саласын ілгерілетуге, дарынды шәкірттер тәрбиелеуге сүбелі үлес қосып жүрген педагогтар аз емес. Солардың бірқатарына өз сауалымызды ұсынып, ұстаз-ақын мен оқытушысына қарыздар шәкірттің шығармашылығын қатар ұсынып отырмыз.

Мерекелеріңізбен, құрметті ұстаздар!

 Ұстазға сауал:

  • Қызметіңізге қатысты қызықты оқиғаңызбен бөліссеңіз?
  • Мұғалімнің жұмысы ауыр, жауапкершілігі мол екенін білеміз. Өзіңізге қаншалықты және қалай көңіл бөлесіз?
  • Бүгінгі ата-аналар туралы жеке пікіріңіз қандай?
  • Егер оқытушы болмасаңыз, кім болар едіңіз?
  • Өмірлік ұстанымыңыз немесе ұстанатын қағидаңыз?

Акжан Насимоллақызы БИСЕНГАЛИЕВА, дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені директорының шет тілдері жөніндегі орынбасары:

  • Қызықты оқиға есімде қалмапты.
  • Сырт келбетімді ғана емес, көңіл- күйімді де үнемі бақылауда ұстауға тырысамын. Баламен жұмыс жасаған соң, оның маңызы зор, өйткені айналамдағыларға кері әсер етіп, күнделікті жоспарларын жүзеге асыруына кедергі болмау керек деп санаймын. Мұғалім тек өзінің сыртқы бейнесімен ғана емес, ішкі мәдениетімен де өнеге болуы керектігін назарда ұстаймын.
  • Қазіргі ата-аналар бала күтіміне уақытты көбірек бөледі, сөйтсе-дағыпсихологтар мен әлеуметтанушылар қазіргі заманғы ата-ананың өз міндеттерін толық атқармауы жалпы үрдіскеайналып бара жатқанын айтады.Қазақстандық ата-аналардың айтарлықтай бөлігі (38%) ұл-қыздарын мектепте оқуға дайындау кезінде қажетті керек-жарақтар сатып алумен ғана шектеледі екен. Жалпы ата-аналар мектеппен байланыста болып, тәрбие мәселесіне барынша көңіл бөледі.
  • Ойланбаппын ол туралы. Тек қана мұғалім болу мұратым болған шығар.
  • «Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жоқ»

Әсемгүл Өтегенқызы КУБАШЕВА, А.С.Макаренко атындағы №6 орта жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Бірде сыныптың оқушыларын мұражайға саяхатқа апаратын болдым. Сол кезде байқамай балалармен бірге басқа автобусқа отырып алыппыз. Соңынан күліп-шулап ол автобустан қайта түсіп, мұражайға апаратын көлікке міндік.

  • Жұмысқа қатысты мәселелерге бар ынтаммен беріліп, жауапкершілікпен қарауға тырысамын.
  • Қазіргі ата-аналар өз-өздеріне сенімді, қандай шешім шығарса да құзіреттілікке ие.
  • Мұғалім болуды бала кезімнен армандадым.
  • Өмірдегі басты үш серіктесім – адалдық, батылдық және әділдік.

Бауыржан Жасұланұлы ЗИНЕШОВ, Серебряков ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі:

Ыбырай жүрген теңіздің сапарындамын

Әлемнің тұратын дәйім дара шыңында,

Даңғылын дара салатын дана шынында.

Бір ел бар «Ұстаз» деген ұғымы бөлек,

Батпайтын болашақта да бағасы құмға.

Бір іспен күн өткермейді міндеттеп алмай,

Айлары зымырап өтер дүрмекке бармай.

Мектепке азанда кіріп кеште шығатын,

Ұстаздар – лайықты жандар құрметке қандай.

Қалайтын шәкірттің биік тұғыр басқанын,

Қажет деп келешек үшін бүгін бастағың.

Қарауға өз баласына мұрша жоқ мүлде,

Жүреді тәртіпке салып ұлын басқаның.

Маманның өзім де сондай қатарындамын,

Кейде рас, қиын сәттердің татамын дәмін.

Бастысы, «Кел, балаларым, оқылық!» деген,

Ыбырай жүрген теңіздің сапарындамын.

Саяжан Абайқызы  НАСИБУЛЛИНА,А.Таймановатындағы34 мектеп-гимназиясыныңқазақтілі мен әдебиетіпәндерінің мұғалімі:

  • Ұстаздық жолымды өткен жылы осы білім ошағынан бастадым. Қиын да жауапкершілігі мол мамандықтың дәмін енді татудамын. Бастысы, қызметіме деген махаббатым жылдан-жылға еселенуде. Алғашқы кезде сынып бөлмелерін шатастырып жүретінмін. АлБілім күніндегі тәрбие сағатына оқушылармен бірге ата-аналарды кіргізіп алып,өткізгенім бар.
  • Ұстаздық – қиын жол. Білім берумен қатар ұстаз атына лайық болып, өз бейнеңді қалыптастыруың керек. Бұл тұрғыда өзіме көп көңіл бөлемін. Киген киімімді, шаш үлгімді, тіпті сөйлеген сөзімді де қадағалаймын. Жұмыстантысдемалысорындарынабарғанды, саяхаттағанды, серуендегендіұнатамын. Себебіадамөзжұмысынақаншакүш-қуатжұмсаса, соншалықтыжаңарыптұрғаныабзал.
  • Бүгінгіата-аналарөзқұқықтары мен міндеттерінжақсыбіледі. Өзімжетекшілікететінсыныптың ата-аналарына қарап білетінім,біріншіден,олардыңжауапкершілігімол, тапсырылғанөтініштер мен міндеттердіорындайды. Баланыңсабақтантысқосымшадайындалуынажағдайжасап, дұрысбағыттайды. Меніңата-аналарымүнемібайланыста болып, оқушығақатыстыайтылғансындарғасалмақпенқарап, тез нәтижешығаруғатырысады. Бұлжағдаймұғалімнің де көңілінқанаттандырып, құлшыныспенжұмыстануғамүмкіндікберері сөзсіз.
  • Егероқытушыболмасам, журналист боларедім. Себебіоқушы, студент кезімнен газет беттерінемақалажазып тұратынмын.
  • Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жақсы көремін. Соның ішінде мына бір:

Сенбежұртқа,тұрса да қаншамақтап,

Әуре етеді, ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап, – деген өлең шумақтары менің өмірлік ұстанымыммен үндеседі.

Еркетан ИБАТОВ, Ж.Досмұхамедов атындағы Орал жоғарғы педагогикалық колледжінің студенті

 

Ұстазым

Ұстазым, мұғалима, мұғалімім,

Сарсаңболғансәтіңдіұғадыкім.

Сеніңтеміржүйкеңдіжұқартумен,

Еркешәкірткөңілдіжығадымың.

Мұғалім,  мұғалима, ұстазым-ай,

Өмірдіңөткізіпсізқыс,жазын-ай.

Білім,ол– инемененқұдыққазу,

Өзіңсізқалатындайісқазылмай.

Ұстазым, мұғалімім, мұғалимам,

Тәліміңніңтүбіненшығад(ы) иман.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *