«100 жаңа есім» кейіпкерімен кездесті

Қаңтардың 31-і күні ЖББ №19 орта мектепте «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ақсерік Әйтімовпен кездесу өтті.

Елбасының «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы шараны қалалық білім беру бөлімінің бастамасымен №19 орта мектеп ұжымы ұйымдастырды. «ҚазИТУ» ғылыми-білім кешенінің президенті, ғалым Ақсерік Сарыұлын мектеп директоры Алтын Жұмағалиева пен «Жас ұлан» ұйымының мүшелері жалынды ұрандарымен және гүл шоқтарымен қарсылады.

Білім жəне ғылым саласында өзіндік орны бар тұлғамен жүздесу еркін формат алаңында өтті. Ақсерік Сарыұлы оқушылардың қойған сауалдарына жауап беріп, өзі басқарып отырған жоғары оқу орнының бүгінгі тынысы, қоғамға қажетті мамандықтар, «100 жаңа есім» жобасының өңіріміздегі жеңімпаздары, еліміздегі индустриалды-инновациялық жобалар жəне басқа да шəкірттерді қызықтырған тақырыптар төңірегінде əңгімеледі.

«Мектебімізге келіп, еліміздің ертеңі саналатын жас ұрпақпен бірге болып, мағыналы әңгімеңізбен бөлістіңіз. Бізді көптеген түлектеріміз  өзіңіз басқарып отырған «ҚазИТУ» кешеніне оқуға түсті. Ал сіздің «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атануыңыз біз үшін — үлкен мақтаныш, сіз үшін — зор жауапкершілік. Сондықтан бұл кездесу шәкірттерімізге пайдалы боларына сенімдімін», — деді жылы жүздесу соңында құрметті мейманға әріптестері мен оқушылар атынан алғысын білдірген мектеп басшысы Алтын Ғинятқызы.

Кеш кейіпкері Ақсерік Сарыұлы жеткіншектерді өмір бойы оқуға, тынымсыз еңбектенуге шақырды.

Ләззат ҚАЖЫМҰЛЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *