«Жасыл елде» — жаңа жетекші

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабы» жеке мекемесінің жетекшісі болып Азамат Данияр тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» сайты Қазақстан жастары конгресіне сілтеме жасап хабарлады.

Азамат Данияр 1996 жылы 17 наурызда туған, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін экономика және бизнес мамандығы бойынша тәмамдаған. Жастар саясатында айтарлықтай тәжірибесі бар. Еңбек жолын «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалында бастап, 2016-2018 жылдар аралығында Қазақстан жастары конгресінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеп, 2019 жылдың басынан «Жасыл ел» ЖЕЖ республикалық штабы жетекшісі орынбасарының қызметін атқарған.

Бұрын бұл лауазымды атқарған Әсем Мадекешова «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ атқарушы директорының орынбасары қызметіне ауысқан.

Дереккөзі: «inform.kz» сайты

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *