Массачусетс технологиялық институтының (MIT) ғалымдары соңғы зерттеулерінде үлкен олжаға кенеліп, жер қойнауынан 1 миллиард тонна алмаз тапқан. Бұл туралы Научный факт телеграмм каналы жазды деп хабарлайды BAQ.KZ.
Зерттеу жұмыстарының бастапқы мақсаты литосфераның түзілу моделін құрастыру болған.
Ғалымдар жердің беткі қабатын инфрадыбысты толқынмен сәулелендіру әдісі арқылы алмазды тапқан. Толқынның ұзақтығы температура мен заттың қалыңдығына қарай өзгеріп отырған.
Алмаздың мол қоры жер астында 200 шақырым тереңдікте орналасқан. Сондықтан ол қазір адамдарға қолжетімсіз болып тұр. Ғалымдардың айтуынша, жер астындағы ондай тереңдіктті бұрғылайтын технология қазір жоқ көрінеді.
«Соңғы зерттеулер геологиялық көлемде алмаздың Жерде көп тараған материал екенін көрсетті. Өкінішке қарай, қазір алмазға жету мүмкін болмай тұр», — дейді Массачусетс технологиялық институтының ғалымы Ульрих Фаул.