Дайындық барысы пысықталды

Қала әкімі Абат Шыныбеков алдағы 2019-2020 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы бойынша жиналыс өткізді.
Шараға Орал қаласы әкімінің орынбасары С.Доля, Орал қаласының ТЖБ бастығы А.Ешмұханов, құрылымдық бөлім басшылары, ресурстармен қамтамасыз ету ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындығы туралы Орал қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев баяндады. «Жайықжылуқуат» АҚ қаладағы 1314 нысанды жылу энергиясымен жабдықтайды, оның ішінде 1188 тұрғын үй, 42 балабақша, 49 білім беру нысаны, 35 денсаулық сақтау нысаны. Бүгінгі таңда 1188 тұрғын үйдің 1010-ы жылыту маусымына дайын, бұл 85% құрайды. Денсаулық сақтау нысандары 86%, білім беру нысандары 94%, мәдениет нысандары 60%,балабақшалар 100%- ға дайын. Бұл жалпы алғанда «Жайықжылуқуат» АҚ жылыту маусымына 96%-ға дайын екендігін білдіреді.
Кеңес барысында «Батыс Су Арнасы» ЖШС қызметі де талқыға салынды. Сумен қамту және су тарту жүйелерін 2019-2020 жылғы жылыту маусымына дайындау шараларына сәйкес қаладағы су құбырлары мен кәріз желілерін жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының жоспарлы түрде жүргізілуде. «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 2019 жылға 5 учаскеде су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарланған. Аталған жұмыстарды жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарлануда.
Қорытындылай келе, қала басшысы тиісті тапсырмалар беріп, жылыту маусымына қатысты барлық шаралар жіті назарында болатынын тілге тиек етті.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *