Несиесі кешірілгендер «қара тізімге» ілінбейді

«Tengri Bank» АҚ басқарушы директоры Дмитрий Яковлев несиесі кешірілген қазақстандықтар «қара тізімге» енгізіледі деген ақпаратты негізсіз деп танып, бұл сұраққа ресми түрде жауап берді,- деп хабарлайды «PULS» ақпараттық порталы сайтына BAQ.KZ сілтеме жасап.

«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты Жарлығы, қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу, оларға өздерінің отбасыларының қаржылық ахуалын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беруге бағытталған бір жолғы теңдессіз әлеуметтік көмек көрсету акциясы. Несиелері кешірілген қазақстандықтар қара тізімге енгізіледі деген ақпаратты негізсіз деп білемін», — деді банктің басқарушы директор.

Оның сөзінше,Tengri Bank өзінің ішкі несиелік саясатына байланысты ондай шектеу қоятын шешім қабылдамаған.

Дмитрий Яковлев несиелері кешірілген клиенттер банкке қайта арыз тапсырып, ішкі талаптарға сәйкес несие алуларына болатынын айтты.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *