Өңірдің білім саласында жаңа басшы

Кадрлық тағайындау «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес конкурстық комиссияның шешімімен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы лауазымына Тржанова Айымгүл Мақсотқызы тағайындалды.

Тржанова Айымгүл Мақсотқызы – 1975 жылы туған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін «тарих пәнінің мұғалімі» және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары: — Бөрлі ауданы Ақсай қалалық №4 орта мектебінің мұғалімі;

— Бөрлі ауданы ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы;

— Бөрлі ауданы туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі;

— Бөрлі ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі;

— Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің басшысы болып 11 жыл жұмыс жасады.
2018 жылдың қазан айынан бастап Бөрлі ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

а




Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *