Іздеуде жүрген 116 қылмыскер анықталды

Батыс Қазақтан облысының полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 1980 жылы туған  Өзбекстан елінің азаматының болу орны анықталды.

Ол 2017 жылы ҚК-нің 106-бабы 1-бөлімі бойынша жасаған қылмысы үшін 3 жыл 6 ай мерзімге дейін сотталып, пробациялық бақылау қызметі көзінен ғайып болған.

Артынан оның қылмыс жасап Ресей Федерациясының Орынбор облысы аумағындағы түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқаны белгілі болды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың жеті айында БҚО полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 116 қылмыскерді анықтады, оның екеуі кісі өлтірсе, біреуі жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған.  бір  қылмыскер – қарақшылықпен,  тоғызы – тонау, он бірі алаяқтық қылмыс жасаса, ұрлық жасағаны үшін 36 қылмыскер құрықталды.

БҚО ПД баспасөз қызметі  

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *