судың қысымы төмендейтінін ескертуде

«Батыс су арнасы» ЖШС Орал қаласы тұрғындарына 21 тамыз күні сағат 23.00-ден 22 тамыз таңғы 7.00-ге дейін шаһардағы судың қысымы төмендейтінін хабарлады. Бұл жағдай 21 тамыз күніне жоспарланған су тазалау құрылғысы аймағындағы жаңа сумен жабдықтау жүйесіне көшу жұмыстарымен байланысты болмақ.

«Батыс су арнасы» мекемесі уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, алдын ала су жинақтап, қамданып отыруды ескертеді.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *