Есірткі жасырған

«Көкнар» жедел алдын алу шарасы барысында оралдық азаматтан есірткі тектес зат тәркіленді деп хабарлайды Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Дәлірек айтқанда, 7 тамызда таңғы сағат 03.30-да Орал қаласы, Есенжанов көшесі №17 үй тұсында күдіктіні жеке тінту барысында оның қалтасынан газетке оралған орама табылған. Бұл сұр-жасыл түсі арнайы исі бар есірткі тектес зат болып шыққан. Белгісіз зат сот-медициналық сараптамасына жіберілген. Түн жарымында көшеде жүріп, есірткі пайдаланбақ болған азаматттың қолынан тәртіп сақшылары өзге қалаларға шықпау жөнінде ресми түрде қолхат алады. Бүгінгі күні ҚР Қылмыстық кодексінің 296 -бабының 2-бөліміне сай есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *