Қатты желдің зардабы

Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауданы мен Орал қаласында қатты желдің салдарынан ғимараттардың шатырлары мен қаптамалары ұшып, ағаштар құлап зиян келтіруде, — Батыс Қазақстан облысының ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.

«Қазгидромет»  РМК БҚФ мәліметтері бойынша 5 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының аумағында дауылды алдын ала ескерту жарияланған болатын. Мәліметте кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіліп, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді делінген. Осыған орай, бүгін  бірнеше ауданда және Орал қаласында үзілу жағдайлары тіркелді.

Мәселен, сағат 16.15-те Казталов ауданы, Жаңажол ауылында қатты желдің салдарынан Жаңажол ЖБОМ-ның ауданы 120 кв.м жабыны жұлынды.

Сондай-ақ, 16.30-да Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында қатты желдің салдарынан М.Б.Ихсанов ат. колледждің ауданы 24 кв.м спорт залының жабыны ұшты.

Сағат 15.40-та Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 3-үй мекенжайындағы Халықты жұмыспен қамту орталығының ауданы 25 кв.м шатыры қатты желдің салдарынан жұлынды.

Казталов ауданы, Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесі, 5 үйдегі  «Қазпочта»  АҚ-ның ауданы 25 кв.м жылуұстағыш жабыны қатты желдің салдарынан жұлынды.

Сағат 17.20-да Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы М. Өтемісов ат. БҚМУ-дың ауданы 40 кв.м жылуұстағыш қаптамасы (алюкобонд) қатты желдің салдарынан құлады.

Сонымен қатар,  ғимарат қаптамасының құлау қаупі туралы хабарламалар келіп түсті:

Сағат 15.55-те Орал қаласы, Зачаганск ауылы, Қамбар батыр көшесіндегі 6-ыншы  үйде құлау қаупі бар профлистті бөлшектеу қажет болды. Осы хабарламаға жедел-құтқару жасағы (3 қызметкер және 1 бірлік техника) жұмылдырылды.

Дәл қазіргі уақытта қаладағы кейбір көшелерде қатты желден ағаштардың құлау салдарынан электр сымдары үзіліп, тұрғындар жарықсыз қалуда. Қала тұрғындары арасында желдің күшеюі салдарынан құлаған ағаштардан зардап шеккендер де болды.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

— үйдің төбе шатырының, пеш және ауа құбырларының мықтылығын

тексеріңіз;

— терезе әйнектерін қағаз ленталармен желімдеп және терезе қақпағын жабыңыз;

— терезелерді, есіктерді, қақпаны, шатыр люктерін тығыз жабыңыз;

— автономды қосалқы табиғи емес жарық көздерін толтырыңыз (қол шамдары, лампілер, май шамдар және т.б.);

— биікте  жүргізу жұмыстарын доғарыңыз;

— желдің күшімен жеңіл көтеріліп адамдарға зақым келтіретін шатырдағы, балкондағы, лоджідегі  заттарды алып тастаңыз.

Жел күшейген жағдайда:

— әйнек сынықтарынан жарақат алмас үшін терезеден қашық тұру қажет;

— бөлмеден тек қана қажетті жағдайда шығып және жалғыз шықпау керек;

— құлап бара жатқанда Сізге зақым келтірмес үшін далада талдардан, бағаналардан, жарнамалық плакаттардан аулақ тұрыңыз;

— бөлмеден жел күші азайғаннан кейін шұғыл шығуға тыйым салынады;

— ашық орындарда болған жағдайда, жақын қуыстарға, жыраларға немесе жерге тығыз орналасып жасырыныңыз;

— орманда болған жағдайда, құлаған талдардан жарақат алмас үшін ашық жерге шығуға тырысыңыз;

— егер жел күші күшейіп найзағай, нөсер жаңбырларымен өтсе, онда бөлек тұрған талдарға жасырынбаңыз және электр желілерінің бағаналарына жақындамаңыз.

«PULS» ақпарат

суреттер ашық дереккөзден алынды

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *