Айналма жолдар ашылды

Республика үшін маңызы бар А-31 «Чапаево-Жалпақтал-Қазталовка-Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 157-192 шақырым учаскесіндегі күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша айналма жолдар ашылғанын хабарлайды – «Қазавтожол» ҰК» баспасөз қызметі.

Уақытша қозғалыс негізгі жолдың оң жағынан 163-170,2 шақырым аралығында ұзындығы 7,2 шақырым айналма жол арқылы жүзеге асуда. Ағымдағы жылы айналма жолды 163 шақырымнан бастап 178,5 шақырымға дейін ұзарту жоспарланған.

Сонымен қатар, жол компаниясы  Р-44 «Қазталовка-Жәнібек-Ресей Федерациясының шекарасы» күре жолының бойында 4,8-8,4 шақырым аралығында, жалпы ұзындығы 3,6 шақырым уақытша айналма жол ашылғанын хабардар етті. Айналма жол негізгі жолдың оң жағында орналасқан.

Ақпаратта бұл жылы  айналма жолдың ұзындығын 9 шақырымға дейін ұзарту жоспарланған. Барлық айналма жолдарда жол қозғалысының жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспауы тиіс. Жабық жол учаскелерінде арнайы жол белгілері орнатылған. Жол қозғалысының ережелерін сақтау қауіпсіздік үшін маңызды екенін ескертеді.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *