Мамин: «Тұрғын үй мен инфрақұрылым құжаттарын уақытында дайындау керек»

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Тұрғын үй салуға және инженерлік инфрақұрылым жеткізуге уақтылы дайын болудың маңызы зор. Алайда, жобалық-сметалық құжаттардың дайын болмауына байланысты 2020 жылғы қаржы бөлінетін жаңа жобаларды қалыптастыру жұмысына барлық әкімдер бірдей қатыспай отыр. Алдағы уақытта бұлай болмау керек. Үйлер салынып дайын тұр. Ал инфрақұрылымы әлі дайын емес. Сондықтан әкімдерге ережеге сәйкес барлық жобалық құжаттарды әзірлеуді бір ай мерзімінде аяқтауды тапсырамын», – деді Асқар Мамин отырыста.

Үкімет басшысының айтуынша, биыл шамамен 13 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 500 мың шаршы метрге артық екен.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *