ЖАРТЫ САҒАТТА АДАМ ТОНАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары ұялы телефон ұрлаған күдіктілерді дереу қолға түсірді.

Үстіміздегі жылдың 24 шілдесінде сағат 15.10-да белгісіз тұлғалар  Орал қаласының, Алматинская көшесі №190 үй қасында болып, физикалық күш қолдану арқылы 1991 жылғы А. есімді азаматтың қолындағы корпусы қара түсті  «Сони» маркалы ұялы телефонын   тартып  алған.  Ұрлықшылар ұялы телефон иесіне 50 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Тонау фактісін лезде қолға алған полиция қызметкерлері  жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды.

Іздестіру барысында екі күдікті  азамат  30 минут ішінде ұсталып, ұялы телефон тәркіленді.  Жәбірленушіні тонаған екі күдікті тұлға Орал қаласы, И.Ларин көшесіндегі жәйлі пәтерде тұратын, жұмыссыз тұрғындар екен.

Бүгінгі күні ҚР ҚК-нің 191 бабының 2 бөліміне сай тонау фактісі тіркеліп,  тергеу амалдары жүргізілуде.

Орал қаласы

Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *