«Egovkzbot» мобильді қосымшасының пайдасын түсіндірді

«Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалының «Digital Talks» жобасы аясында белсенді жастар Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарымен кездесті деп хабарлайды облыстық филиалдың мамандары.

Бүгінде тұрғындардан халыққа қызмет көрсету орталығында сағаттап кезекке тұрмасаң шаруаң бітпейтіні туралы шағымды көп естиміз. Сізді осы тығырықтан шығаратын жаңа жоба пайда болыпты. Ол – ХҚКО іске қосқан «Egovkzbot» мобильді қосымшасы. Яғни, енді ұялы телефон арқылы мекенжай, соттылықты анықтау, наркологиялық тіркеу, есепшот жинағы туралы анықтамаларды алуға, үйде отырып ХҚКО-ға сандық кезекке тұруға болады.

Осы ретте қаламыздың көркеюіне атсалысып жүрген «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздарына «Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалының «Digital Talks» жобасы аясында «Цифрлы Қазақстан» жобасының өңіріміздегі даму қарқыны түсіндірілді. Жастарға аталмыш мобильді қосымшаның пайдасы жайында ХҚКО-ның мамандары Сейтжан Сисекеш пен Айнагүл Сельбаева кеңінен айтып өтті.

Мұндай ақпараттың өзі үшін пайдалы болғанын айтқан «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сардары Нұртілек Гайноллин: –  Біз де осы жұмысқа кірерде құжаттар жинадық. Енді өзімізге қажетті құжаттарды мобильді қосымша арқылы қалаған уақытта үйден де алуға болады екен. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының осындай тиімділігі қуантады. Осы ақпаратты ата-анама және достарыма жеткіземін, – деді.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *