Алты айда 381 мың азаматтың құқығы қорғалған

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында өткізілген алқа отырысында мәлім болды.

Жиында прокуратураның ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы қорытындыланды. Жалпы өңір прокурорларының қатысуымен алты айда 381 мың азаматтың құқығы қорғалған.

Барлық аудандарда жалпы орта білім беретін мекемелер педагогтарының құқықтарының бұзылғаны  анықталды. Оларды өз қаражаты есебінен медициналық тексеруден өтуге заңсыз міндеттеп, білім берудің инклюзивті бағдарламалары бойынша жұмыс үшін қосымша ақы төлемеген. Прокуратураның ұсынуымен 10 мыңнан астам оқытушылардың құқықтары қалпына келтірілді.

Орал қаласы және Бөрлі ауданы бойынша коммуналдық қызметтері үшін қарызы бар 200 мыңнан астам азаматтың дербес деректерді қорғау құқығын бұзу фактілерінің жолы кесілді. «Ақсайжылуқуат» ЖШС, «БатысЭнергоРесурсы» ЖШС ҚР ӘҚБтК 79-бабы бойынша (дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның ұсынысы бойынша Орал қаласының 104 мың тұтынушысы үшін «Батыс су арнасы» ЖШС көрсететін сумен жабдықтау қызметіне тарифтер төмендетілді.

 Орал қаласы прокурорының талап арызы арқылы 18 ақпараттық материал экстремистік деп танылып, 80 сайт жабылды. Жалақы бойынша 66 кәсіпорындағы 190 қызметкердің алдындағы 53,9 млн. теңгені құрайтын берешек өндірілді.

Қазталов ауданында құны 1,3 млрд. теңге болатын сукернеуіш мұнарасын балансқа алмау фактісі анықталды, бұл тұрғындарға ауыз суды субсидиялауға теріс әсерін тигізген. Нәтижесінде 3931 тұрғын 30 теңгенің орнына жыл бойы текше метрге 385 теңге төлеген.

Қабылданған шаралармен қылмыстық құқық бұзушылықтар 10%-ға төмендетілді. Қабылданған кешенді шаралар, оның ішінде үйлестіру кеңесін өткізу адам өлтіру фактісін екі есеге азайтты. Электрондық форматта 2660 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл жалпы көрсеткіштің 40%-ын құрайды. 369-ы сотқа жіберілді, бұл көрсеткішпен – республика бойынша бірінші орынға шыққан. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау екі есеге төмендетілді.  Ұлттық алдын алу тетігімен сотталғандарды бірлескен қабылдау, тексеру жүргізілді. Нәтижесінде режимді бұзу 124-тен 118-ге азайды. Қабылданған үйлестіру шаралары колонияға 12 кәсіпкерді (75 жұмыс орнын қамтамасыз етті) тартуға, сондай-ақ «Еңбек» РМК-ні мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Облыс прокуратурасының шет мемлекеттерде іздеуде жүрген облысымыздың үш азаматын (ұрлық, зорлауға оқталу, шет мемлекеттегі қарулы дауларға қатысуға дайындалу) ұстап беру туралы сұрауы Бас прокуратура тарапынан қолдау тапты. Атқарушылық өндіріс бойынша мемлекет кірісіне берешек 66%-ға төмендеді (15 млрд.теңгеден 5 млрд.- теңгеге дейін). Өтініштерді қарау механизмін жетілдіру барлық мемлекеттік органдарда азаматтардың өтініштерінің 9%-ға, ал прокуратура органдарында 20%-ға төмендеуіне алып келді.

Құқық қорғау қызметтері орталығына 1007 адам келсе, 766 азамат  прокурордың қабылдауында болды.  Барлығына заңнамалар түсіндіріліп, талап арыздар жазуға көмек көрсетілді.

Алқа отырысының соңында облысымызда заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.

БҚО прокуратурасы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *