«Жастар керуені» жобасы басталды

 15-18 шілде күндері аралығында «Жастар керуені» жобасының қатысушылары өңіріміздің бірқатар аудандарында болып, ауыл жастарының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Жобаның басты мақсаты – ауыл жастарының әлеуетін арттыру, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіру. Сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мен жаңа жобалардың іске асуына атсалысуға шақыру болып табылады.

2019  жыл «Жастар жылына» орай «Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен ауыл  жастарын қолдауға бағытталған «Жастар керуені» жастар жобасы бастау алды. Керуен алғашқы бағытын өңіріміздің Қазталов ауданынан алып, әрі қарай Жәнібек ауданына жол жүрді.  Керуеннің келесі аядамасында Жаңақала ауданының жалынды жастарымен жүздесіп, Бөкей Ордасына бағыт алды.

Жоба еріктілері ең бірінші кезекте әр ауданның ауыл округтық жастарымен түрлі сала мамандары кездесіп, қазіргі таңдағы әртүрлі бағыт бойынша мүмкіндіктерді түсіндіріп, жаңа жобалар жөнінде ақпараттар берілді.

Түстен кейін аудан жастары үшін  Республикалық, облыстық дәрежедегі тренерлердің «Өзін-өзі жетілдіру және кәсіпкерлікті дамыту» және жас отбасыларға арналған «Отбасы құндылықтары» тақырыбында тренинг алаңдары ұйымдастырылды.  Жастар арасында қаламызда қарқынды дамып келе жатырған «Фристайл», «Панна», «Street Workout» спорт түрлерінен қатысушы жастарға шеберлік сағаттар көрсетілді. Жоба «Жастар керуені» және аудандардың жас өнерпаздарымен бірлесіп дайындаған гала концерт пен бояулар фестивалімен жалғасты. Кеш соңы диджейдің би кешімен аяқталды.

Аталмыш жоба алдағы уақытта өз жалғасын тауып, Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарын қамту жоспарлануда.

Азамат Мағзом

«Жас Отан» ЖҚ БҚОФ менеджері

 

 

 

 

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *