Бадминтоннан чемпионат басталды

Бүгін Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында бадминтоннан ардагерлер арасында ашық чемпионат басталды.

Бұқаралық спортты дамыту мен бадминтонды кеңінен насихаттау, спортшылардың кәсіби шеберлігін көтеру  шараның басты мақсаты болып табылады.

Спорт додасында Германияның Берлин қаласынан, көршілес Ресей Федерациясының Саратов және Самара облыстары мен Орал қаласы, Бөрлі ауданынан келген отызға жуық бадминтоншылар бақ сынауда.

Олимпиадалық спорт түрі саналатын бадминтоннан ашық чемпионат «Нафта» сауда үйінің спорт залында өтіп жатыр.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *