Қор қаржысы Ұлттық банкте сақталады

Батыс Қазақстан облысынан медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі 5, 6 млрд. теңгені құрады.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың маусым айының соңына дейінгі аралықта республика бойынша  жинақталған жарнаның жалпы сомасы 178, 7 млрд. теңгені құрады. Есепті кезеңде Батыс Қазақстан облысынан жинақталған жарнаның жалпы сомасы – 5, 6  млрд. теңге. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта мемлекеттік-әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалы

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *