«Жігерліктер» жеңісімен қуантты

 17-22 маусым аралығында Қарағанды облысы Спасск қаласында өткен Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында облыс намысын қорғаған «Жігер» әскери-патриоттық клубы әскери-патриоттық клубтар арасында жеңімпаз атанды.

Жиында жалпы 17 команда, 255 қатысушы бақ сынаған. Өткен жылы облыс құрамасы екінші орыннан көрінсе, биыл жүлделі бірінші орынға қол жеткізді. Команда жетекшісі –  облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының спорт және дене шынықтыру бөлімінің меңгерушісі В.В.Мазуренко.

Өңіріміздің жас патриоттары жиын кезінде әскери-қолданбалы спорт және байқаулар бойынша үздік нәтижелер көрсетті. Әскери кросс, әскерилендірілген эстафета,  газқағарды және плащ түрінде іскери қорғаныс жиынтығын кию, арқан тарту, әскери-далалық тактикалық ойын, «Бес тас» (асық ату ұлттық спорты бойынша), ләңгі тебу сынды жарыс түрлері бойынша командалық есепте оқ бойы озық тұрды.

 Олар кермеде тартылу,арқаға жатып денені көтеру,  толық емес бөлшектеу және толық бөлшектеуден кейін жинау, «Менің роботым» робототехникалық байқау,  пневматикалық винтовкадан ату, «Айбын дауысы, IQ атты байқау бөлімдерінде өз мүмкіндіктерін көрсете білді.

«Жігерлік»  жеңімпаздарды аталмыш жеңістерімен құттықтаймыз!

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *